Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шелек ауруханасында жаңа травматология және ортопедия бөлімі ашылды

Шелек ауылындағы аудандық ауруханада алғаш рет травматология және ортопедия бөлімі ашылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

2025 жыл Еңбекшіқазақ ауданы үшін жағымды жаңалықпен басталды. 5 қаңтар күні Шелек ауылындағы аудандық ауруханада алғаш рет травматология және ортопедия бөлімі ашылды. Аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Алмас Құдайбергенов Шелек өңірінде бұл бөлімше аурухана құрылған күннен бері алғаш рет іске қосылып отырғанын айтады.

«Травматология – түрлі жарақаттардың түрлері мен себептерін зерттеп, олардың емдеу жолдарын қарастыратын медицина саласы. Ал ортопедия сүйек, омыртқа, аяқ-қол құрылымындағы өзгерістер мен ауытқуларды түзетуге бағытталған. Бұл – адам денсаулығы үшін аса маңызды бағыттар», – дейді Алмас Болатұлы.

Жаңадан ашылған бөлімді 31 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты травматолог-дәрігер Ерлан Сайлаубекұлы басқарады. Сонымен қатар, бөлімде тағы екі дәрігер – Айбол Әлімқұл мен Бекзат Бейсенов, бір кезекші мейірбике және екі кіші мейірбике қызмет атқарады. Жас маман Айбол Нұрғайыпұлы аға дәрігерлерден ота жасаудың қыр-сырын үйреніп жүрсе, қалған қызметкерлер өз саласының тәжірибелі мамандары.

Бөлім 15 орындық және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Жаңадан ашылған бөлімнің жұмысы алғашқы күннен-ақ қарбаласпен басталды. 21 қаңтар күні 1966 жылы туған азамат сол жақ бұғанасының жарықшағы және төртінші қабырғасының сынуы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Келесі күні оған ота жасалып, екі сағаттан кейін жалпы палатаға ауыстырылды. Үшінші күнгі таңғы тексеру кезінде ауырсыну сезімі азайып, жағдайының жақсарғаны анықталды. Дәрігерлер оны 5-7 күннен кейін үйіне шығаруды жоспарлаған.

Бұл – бір ғана мысал. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық тас жолының бойында орналасқан Шелек өңірі үшін бұл бөлімнің маңызы зор. Күре жолда көлік ағынының көп болуына байланысты, түрлі жол апаттары жиі болады. Мұндай жағдайда, жаңа ашылған травматология және ортопедия бөлімі зардап шеккендерге дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Шелек аудандық ауруханасының бұл бастамасы – тұрғындарға сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсетуге арналған маңызды қадам.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz