Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сенатор Алматы облысына іссапармен келді

Депутат Жанболат Жөргенбаев Қонаев қаласына сапары барысында облыс әкімі және мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесіп, бірнеше нысандарды аралады.

10.07.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Ол Шеңгелді ауылына қарасты Сарыбұлақ ауылындағы №5 сорғы стансасының жұмысымен танысты. Мұнда станса арқылы 1730 гектарға су беріледі.

2022 жылы суару желілерін жаңартуға республикалық бюджет есебінен 5,3 млрд. теңге бөлінген. Сенатор осы суды пайдаланушы шаруа қожалығының өкілдерімен күрделі жөндеу жүргізуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

«Сенаторлардың аудандарға сапары басталды. Біз бірінші кезекте су шаруашылығы мәселелеріне назар аударамыз. Әрине, олардың кейбірі бізге белгілі, бірқатар бағыттар бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ Орталық деңгейде қарауды қажет ететін мәселелер бар. Мәселен, бүгінгі кездесуде егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ету нашар екені атап өтілді. Алматы облысында барлығы 263,8 мың гектар суармалы егістік бар, ұзындығы 9,4 мың шақырымды құрайды. Суару желілері мен гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялаусыз және күрделі жөндеусіз ұзақ уақыт пайдалану салдарынан тозығы жетіп, суармалы жерлер толығымен игерілмей жатыр. Бұл мәселені шешу үшін облыста 54,1 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру үшін суару желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді сенатор Жанболат Жөргенбаев.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Іссапар Іле ауданында жалғасты. Онда сенатор Қараой ауылдық округіне қарасты «Чала» және «Құралас» каналдарының жағдайымен және Ащыбұлақ ауылдық округіндегі кәріз тазарту құрылғыларының жұмысымен танысты.

Фото: Жұмабай Мұсабеков
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржанболат жөргенбаевҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz