Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26.04.2023
Аймақ

Кездесуде Сенаттың мәслихаттармен өзара іс-қимылының жаңа форматы жөнінде де сөз қозғалды. Өз сөзінде Палата Спикері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте ел Президенті жүктеген міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата екенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта да мәслихаттармен байланыс күшейе түсетінін жеткізді.

Осыған орай Сенат Төрағасы алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындап берді. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жаңа формациядағы заңдарды әзірлеп, қабылдау жұмысына мәслихат депутаттарын белсенді жұмылдырған жөн. Ал сенаторлар өңірлердің даму мәселелеріне баса мән беруге және жүйелі проблемаларды шешуге заңнамалық тұрғыдан ықпал етуге тиіс.

«Әр өңірде өзіне тән өзекті мәселелер бар. Олардың басым көпшілігі, Президентіміз атап көрсеткендей, инфрақұрылымға, әлеуметтік нысандарға, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қатысты. Сенат депутаттары осы мәселелерді орталық деңгейде жүйелі түрде көтеріп, олардың оң шешілуіне ықпал етеді. Былтыр Парламент 86 заң қабылдады. Олардың 13-іне депутаттардың өздері бастамашы болды. Қабылданған заңдардың бәрі елдің дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бүгінде Президентіміз бекіткен он ұлттық жоба іске асырылуда. Оның бәрі – өңірлерге тікелей қатысы бар құжаттар. Бәріміз бірге олардың сапалы және жедел іске асырылуын қамтамасыз етуіміз керек», – деген Мәулен Әшімбаев әріптестерін Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру жолында жұдырықтай жұмылуға шақырды.

Сенат Спикері бүгінде елімізде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын, соның барысында мәслихаттардың рөлін арттыру да маңызды қадам екенін айтты. Мәулен Әшімбаев қазірдің өзінде қолданыстағы заңнамаларға бірқатар мемлекеттік функцияны орталықтан өңірлерге беретін тиісті түзетулер енгізілгеніне назар аударды. Алдағы айларда осы бағытта тағы біраз жаңа нормалар қабылданады.

«Бүгінде Президентіміз басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жуырда әкімшілік реформалар бойынша бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, Үкіметтің біраз функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді. Әкімшілік реформаның келесі кезеңінде біқатар құзырет жергілікті билік органдарына берілуге тиіс. Осыған қатысты тиісті заңдарды алдағы айларда қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жалпы, әкімшілік өзгерістердің жаңа кезеңі жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейтуге жол ашады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Палата Төрағасы мәслихаттарға материалдық-техникалық және әдістемелік көмек көрсету мәселесіне де тоқталып өтті. Осыған орай Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарына арналған тұрақты семинарлар, тренингтер және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды. Мұндай бастамалар жергілікті өкілді орган депутаттарының біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретіні анық.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМәулен Әшімбаев

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz