Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Санэпидқызметке 1034 өтініш: Алматы облысының тұрғындары неге шағымдануда?

Қорлан Нұрланқызы
11.10.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 2024 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Марат Исмаиловтың айтуынша, басты міндет – өңірдің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам жұқпалы ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам тексерілді, 995 ошақ толықтай дезинфекцияланды. Сонымен қатар, кене энцефалиті, безгек және туляремия сияқты ауруларға қарсы кешенді шаралар қабылданды.

Исмаиловтың мәліметінше, 738 гектар жер кенеге, 70 гектар су айдыны безгекке қарсы өңделіп, 2 мың гектар аумақта туляремияға қарсы дератизациялық жұмыстар атқарылды.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіліп, 52 ауру түрі тіркелмеді, ал 28 түрлі сырқаттанушылық азайды. Мысалы, туберкулез 72%-ға, В гепатитінің созылмалы түрі 33,3%-ға, бруцеллез 33,9%-ға қысқарды. Алайда, вакцинация мәселесі өзекті күйінде қалуда, әсіресе балалар арасында қызылша, көкжөтел және А вирустық гепатиті жиі кездеседі.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау аясында 1 мыңнан астам қызмет көрсетілді, барлығы «Е-лицензиялау» порталы арқылы автоматтандырылды. Бақылау нәтижесінде 620 адамға 300 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Жеке және заңды тұлғалардан 1 034 өтініш қаралды, олардың 90%-ы ауа мен судың ластануы, жоғары шу деңгейі, бөгде иістер және санитарлық аймақтардың сақталмауы мәселелеріне қатысты.

Марат Исмаиловтың айтуынша, санитарлық қызмет халықтың денсаулығын қорғау және жұқпалы аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz