Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мұны бүгінгі өткен облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды аlataunews.kz тілшісі.

13.05.2023
Аймақ

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және менің бүгінгі күнгі өкіміммен Рустам Маратұлы Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Рустам Маратұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Ұлыбританияның Дарэм университетінде «экономика», 2021 жылы АҚШ-тың Гарвард университетінде «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі макроэкономикалық талдау және жоспарлау департаментінің бас сарапшысы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, ҚР Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және территориалдық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС вице-президенті қызметтерін атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

Тегтер: Алматы облысыжаңа қызметРустам Исатаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz