Байқау қорытындысы бойынша облыс мұғалімдері төмендегідей марапатталды:
1. Психологиялық қызмет бағыты
Қарасай ауданынан қатысқан Тоқтарұлы Досжан 1-орынды иеленді. Оның авторлық бағдарламасы оқушылардың психологиялық қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталғаны үшін жоғары бағаланды.
2. Эстетикалық пәндер бағыты
Іле ауданындағы №28 гимназияның мұғалімі Гүлжазира Ғаббасова 2-орынға лайық деп танылды.
3. География бағыты
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің география пәні мұғалімі Бақытжан Молбаев 2-орынға ие болды.
4. Қазақ тілі пәні
Іле ауданындағы №15 орта мектептің ұстазы Данна Тауханова байқауда 1-орынға қол жеткізді.
5. Қазақ тілі пәні
Қарасай ауданынан қатысқан Динара Боптаева дипломмен марапатталды.
Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, ұсынылған авторлық бағдарламалар білім беру мазмұнын жаңғыртуға, пәндерді оқыту әдістемесін дамытуға және оқушылардың дағдыларын тереңдетуге бағытталған.
Алматы облысы ұстаздарының нәтижелері өңір педагогтарының кәсіби деңгейінің жоғары екенін және жаңа білім беру тәсілдерін белсенді енгізіп келе жатқанын көрсетеді.





