Іс-шараның негізгі мақсаты — еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттеу, жұмыссыз азаматтарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамту, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарды қолдау.
Жәрмеңкені «Алматы облысы еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Райымбек ауданы бойынша мансап орталығы өткізді. Шара барысында 28 жұмыс беруші тарапынан 56 бос жұмыс орны ұсынылды. Жалпы жәрмеңкеге 58 азамат қатысып, олардың ішінде пробация есебінде тұрған 20 адам қамтылды.
Қорытындысында 6 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылса, 30 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар 3 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Бұдан бөлек, 2 азамат «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар еңбек нарығындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, тұрғындарды тұрақты табыс көзімен қамтуға және олардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді алаң болып табылады. Осындай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілмек.





