Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Райымбек ауданына жаңа әкім сайланды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Райымбек ауданына барып, аудан активіне жаңадан сайланған әкім Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаевты ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл тағайындау 2025 жылғы 3 тамызда өткен аудан әкімін тікелей сайлау қорытындысына сәйкес жүзеге асты. Сайлау күні аудан бойынша 24 сайлау учаскесінде дауыс беру ұйымдастырылып, ол сағат 20:00-де аяқталды. Аудан бойынша 19 707 сайлаушының 70,3 пайызы, яғни 13 854 адам өз таңдауларын жасады.

Аудан әкімдігіне үміткер ретінде бір кандидат «AMANAT» партиясынан, ал екеуі өзін-өзі ұсынған азаматтар ретінде тіркелген болатын. Сайлау нәтижесі бойынша, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған кандидат Дастан Құдабаев 9626 дауыс (69,5%) жинап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы Райымбек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдын Бексұлтанов мәлім етті.

Жаңа әкім Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаев 1971 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зоотехния» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын туған жерінде — «Шалкөде» шаруа қожалығында зоотехник болып бастаған. Мемлекеттік қызметке 2008 жылы Шалкөде ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде қабылданған.

Содан бері Қарасаз және Шалкөде ауылдық округтерінің әкімі, Райымбек пен Кеген аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, сондай-ақ 2023 жылдан бері Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде жаңа әкімнің ауыл өміріне етене таныс, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын жақсы білетін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы терең тәжірибесі бар маман екенін ерекше атап өтті.

«Дастан Сұлтанмұратұлы – осы өңірдің тумасы. Ол түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерде шыңдалған, мәселеге жан-жақты қарай білетін білікті маман. Алдағы уақытта ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп сенемін», – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Райымбек ауданында соңғы жылдары жол, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау және туризм бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Енді осы игі бастамалардың жалғасын табуы мен жаңа серпін алуы жаңа әкімнің біліктілігі мен жергілікті тұрғындардың қолдауына тікелей байланысты болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz