Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қосқұдық ауылында «Жас сарбаз» сыныбы ашылды

Бүгін Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылындағы 9 орта мектепте әскери-патриоттық сынып ашылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

14.10.2022
Аймақ

Шара барысында әскери-патриоттық бағытты ұстанатын 5-сынып оқушылары ант қабылдады.

«Бүгінде елімізде 6 мыңға жуық әскери-патриоттық клубтар және сыныптар ашылған. «Жас сарбаз» қозғалысы қазір 170 мыңдай өренді біріктіріп отыр. Ауылымызда мұндай сыныптың ашылғанына қуаныштымыз», — деді мектеп директоры Руслан Кожамсеитов.

Оның айтуынша, 54179 әскери бөліммен бірлесіп жасалған екіжақты меморандумға сәйкес жұмыс жоспары құрылады. Аталған жоспар аясында «Жас сарбаз» әскери сыныбында аптасына екі рет жауынгерлік сабақтар өткізіледі. Әскери бөлім тарапынан оқушыларды тарихи орындарға, әскери музейге және түрлі жарыстарға апару секілді іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

5 ұл тәрбиелеп отырған ауыл тұрғыны Әбдиев Болат үшін бүгін ерекше есте қалар күн. Себебі, енді оның 2 баласы ерекше сыныпта оқитын болады.

«Балалардың тәртібіне көңіл бөлген дұрыс. Өйткені, олар — еліміздің болашағы, кемел келешектің тұтқасы. Меніңше, кез келген бала рухы мықты, ұлтын сүйетін азамат болып өскені абзал. Бұл сыныптан үлкен үміт күтеміз», — деді ол.

Салтанатты шараға 54179 әскери бөлімі командирінің орынбасары, майор Жақсыбаев Талғат, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, подполковник Жексембаев Қанат, қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңестің мүшесі Горяной Сергей және ауыл ақсақалдары, қоғам белсенділері қатысты.

Салтанатты басқосуда қадірлі қонақтар сөз алып, ізгі тілектерін жеткізді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz