Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтанушы: Дінмұхамед Қонаев жалақысын жетімдер үйіне жіберіп отырған

Бүгін Мемлекет және қоғам қайраткері Д. Қонаевтың туған күніне орай Балқаш ауданы Бақанас ауылында "Тұғыры биік ұлы тұлға" атты еске алу кеші өтті.

12.01.2023
Аймақ

Басқосуға облыстық мәдениет басқармасының мамандары, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

Қонаевтанушы Талдыбек Нұрпейісовтің айтуынша, Д. Қонаев билік еткен жылдары Қазақстан экономиканың даму деңгейі бойынша КСРО мемлекеттерінің ішінде 3-орынға шыққан.

«Д. Қонаевтың 3 асыл қасиетін атап өтуге болады. Біріншісі — оның ғалымдығы. Ол Ресейдегі ЖОО-нын тәмамдап, алған білімін елімізде оқу ошақтарын, өнеркәсіп, ғылыми орталықтар ашуға жұмсады. Екінші асыл қасиеті — саясаткерлігі. Қазақстанның кеңестік-тоталитарлық заманында елдің шашауын шығармай, жүйелі саясатты құра білді. Ол басқарған заманда демографиялық өрлеу болды. Неге десеңіз, халықтың жағдайы жасалып, мұң-мұқтажы тыңдалды. Үшіншісі — мәдениеттілігі мен адамгершілігі. Қайраткер Зухра Шәріпқызынан бала сүйген жоқ. Десе де, ол барша қазақстандықтарды өзінің баласындай аялады. Екі жерден жалақы алып отырды, оның бірін және қаламақысын түгелдей жетімдер үйіне жіберіп отырды», — деді ғалым.

Ал ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Тынышбай Досымбеков Д. Қонаевты халықтың бақытына туған азамат екенін айтты.

«Қазақта өткенін сараламаған елдің келешегі кемел болмайды деген сөз бар. Сондықтан біз қандай биікке көтеріліп жатсақ та, өткенімізді ұмытпауымыз қажет. Ұрпақтар үндестігі дегеніміз осыған кеп саяды. Бүгін қайраткерді еске алу үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылғанына қуаныштымыз», — деді Тынышбай Досымбеков.

Мәдениет басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова оқушылар арасында өткен «Д.А. Қонаев — дара тұлға» эссе байқауында жеңімпаз атанғандарды марапаттады. Шара арнайы концерттік бағдарламаға ұласып, соңында қайраткердің рухына арналған ас берілді.

Еске алу кешіне жиналған жұртшылық Бақанастағы Д. Қонаев атындағы саябақта орналасқан қайраткердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 

1 of 4
- +

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Бақанас ауылыБалқаш ауданыҚонаевТұғыры биік ұлы тұлға

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz