«Жағдай белгілі бір деңгейде бақылаудан шығып кетті. Облыс әкімі сол күні балаларды көшіру дәл осылай өтеді деп ойламаған. Дегенмен, қандай жағдайда да жауапкершілік атқарушы биліктің мойнында. Өйткені мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайтын еді. Бұл ретте лауазымды тұлғалар өз өкілеттігінен тыс әрекет еткен», – деді вице-премьер.
Көшербаевтың айтуынша, Баганышылдағы балалар үйінің мәселесін көктемде, дау жаңа басталған кезде-ақ бейбіт әрі ашық диалог арқылы шешуге мүмкіндік болған.
Сондай-ақ вице-премьер Қонаев қаласындағы жаңа балалар үйіне барып, ондағы жағдаймен танысқанын айтты.
«Егер осындай заманауи әрі жайлы балалар үйлері Қазақстанның барлық өңірінде салынса, бұл – мемлекетіміз үшін үлкен жетістік болар еді. ЦАН-нан көшірілген тәрбиеленушілер жаңа ғимараттағы жағдайға көңілі толатынын айтты. Сондықтан №1 балалар үйінің балаларына да осы орын мен өмір сүру жағдайларын алдын ала көрсетіп, түсіндіру қажет болатын», – деді Ермек Көшербаев.





