Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы коммуналдық жағажайлар кезең-кезеңімен абаттандырылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайларды кезең-кезеңімен абаттандыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жобаның негізгі мақсаты – санитарлық талаптарға толық сай келетін, қызмет көрсету сапасы жоғары әрі тұрғындар мен туристерге қолайлы демалыс аймақтарын қалыптастыру.

Қала әкімі Асхат Бердіханов №6 және №7 жағажай аумақтарын, сондай-ақ Алматы демалыс аймағын аралап, жоба авторларымен бірге жоспарды талқылады. Тексеру барысында бірқатар өзгерістер енгізіліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Шаһар басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен жобалаушыларға тротуар жабындарын бұзбай жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар көгалдандыру мәселесі бойынша Алматы қаласындағы Ботаникалық бақ мамандарымен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Себебі құмды аумақта кез келген жасыл желек жерсіне бермейді.

Әкім бизнес нысандарының көлемін қайта қарауды да тапсырды. Ал әжетханалар, киім ауыстыратын орындар мен душ кабиналары санитарлық талаптарға толық сай болуы тиіс. Күтіп ұстау шығындарын ескере отырып, әжетханалардың ақылы негізде жұмыс істеуі жоспарланып отыр.

«Ойын алаңдары, жағажай спортына арналған аймақтар, воркаут алаңдары, әткеншектер, тапшандар, құтқару бекеттері мен шатырлар сапалы әрі берік материалдардан салынуы қажет. Қонаевта жел жиі соғатынын ескеріп, барлық нысандар ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы керек. Автотұрақ аумағын кеңейтіп, жарық бағаналарын бір қалыпқа келтіріңіздер», – деді Асхат Бердіханов.

Жоба барысында жаз мезгілінде су деңгейінің төмендейтіні де назарға алынған. Осыған байланысты жеңіл конструкциялар қажет болған жағдайда орын ауыстыруға ыңғайлы етіп орналастырылады.

Сонымен қатар жағажай аумағында визит-орталық салу жоспарланып отыр. Барлық нысандар бірыңғай дизайн тұжырымдамасына сәйкес бой көтереді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін медициналық пункт пен полиция бекеті орнатылып, бейнебақылау камералары қойылады.

Алматы демалыс аймағын аралау барысында да қала әкімі бірқатар сын-ескертпелер айтып, жобаларды қайта пысықтауды тапсырды. Екі жоба бойынша да тиісті түзетулер енгізіліп, жаңартылған жоспар ұсынылады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz