Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жұрттың жері мемлекетке мәжбүрлі түрде қайтарылып жатыр

Қонаев басшылығы тұрғындардың жер телімдерін мемлекет иелігіне мәжбүрлеп қайтарып жатыр. Осы мәселеге байланысты әлеуметтік желілерде халықтың топтасып шағымдануы көбейді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

07.10.2022
Аймақ

Тұрғындардың айтуынша, қала әкімдігінің жариялаған Instagram-дағы жазбасы түсініксіз әрі кімнен, қандай жер тартып алынатыны белгісіз.

«Қазіргі таңда осы уақытқа дейін белгілі бір мақсатта пайдалануға берілген жер телімдеріне мониторинг жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде пайдаланылмаған аймақтар анықталды», — дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Екатерина Колесниченко.

Оның айтуынша, ҚР Жер Кодексіне сәйкес шығарылған Қонаев қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 05 қазандағы № 919 қаулысы негізінде пайдаға асырылмаған 7 жер телімі мемлекетке қайтарылады. Олар үй-жайларға қызмет көрсету, спорттық-сауықтыру кешенін тұрғызу, суда құтқару нысанына қызмет көрсету үшін берілген аймақтар.

«Жоғарыда аталған кодекске сай, жер учаскесінің меншiк иесіне мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберілді. Ресми хат жолданған соң ҚР жерді сатып алудың басым құқығына ие болады. Және мемлекеттiк қажеттiктер үшiн (әлеуметтік маңызы бар нысандар салу мақсатында) меншік иесінен учаскені алып қою туралы біржақты шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайтынын айта кеткен жөн», — деді баспасөз хатшысы.

Екатерина Колесниченконың мәліметінше, ҚР-ның «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабына сүйене отырып, хабарлама алғанға дейін меншік иесі болғандарға мемлекеттен өтемақы төленеді. Және жер телімінің құны нарықтағы бағамен салыстыра отырып есептеледі.

Тегтер: жерҚонаевмемлекет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz