Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жағажай спортына арналған алаң жаңа келбетке ие болды

Қонаев қаласында ел игілігіне арналған тағы бір нысан жаңғыртылып, тұрғындарға қолданысқа берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аумағы 2,1 гектарды құрайтын бұл спорт аймағы 2017 жылы салынғанымен, осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген еді. Биыл тұрғындардың сұранысына сай толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай абаттандырылды.

Жаңғыртылған аумақта жағажай волейболы мен футболына арналған алаңдармен қатар, үстел ойындарына лайықталған тоғызқұмалақ пен шахмат үстелдері, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын және воркаут алаңдары орнатылған.

Аумақтың ерекше көңіл қуантары – ұлттық нақышта безендірілгені. Жаяу жүргіншілер жолы қазақы оюлармен әрленіп, кіреберіс тұсына халқымыздың көне ұлттық ойыны – алтыбақан қойылған. Алаң ортасына кеседен төгілген ақ сүтті бейнелейтін гүл композициясы орналастырылып, айналасына раушан гүлдері егілген. Бүкіл аумақ көгалдандырылып, көріктендірілген. Жөндеу жұмыстарын ШЖҚ «Қонаев Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны атқарды.

«Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау – басты мақсатымыз. Жағажай спорт алаңының дәл жанында кроссфитке арналған бөлек аймақ бар. Қазірдің өзінде бұл жер таңғы және кешкі уақыттарда қала тұрғындарының сүйікті орнына айналып үлгерді. Алдағы уақытта да осындай қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жалғасады», — деді Қонаев қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.

Тұрғын Айдос Ескелдинов жаңа нысанның пайдалануға берілуіне риза екенін білдірді.

«Кешкі уақытта достарымызбен келіп, футбол ойнаймыз. Алаң өте сапалы жасалған, көңілімізден шықты. Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан осындай пайдалы нысандардың бой көтеруі біз үшін үлкен қуаныш», — деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қонаев қаласында жаңа сквердің салынып жатқаны хабарланған болатын.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz