Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде. Жаңа жобалардың басым бөлігі жеке компаниялардың қаржысына жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қала әкімі Асхат Бердіханов кезекті рет құрылыс нысандарын аралап, олардың барысымен танысты.

Алдымен әкім «Самұрық» тұрғын үй кешеніне барды. Жоба 11,6 гектар аумақта салынуда. Құрылыс 2029 жылға дейін жалғасып, оған 65 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда бірінші кезең жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Келесі нысан – 10-шы шағынаудандағы «NNS City» тұрғын үй кешені. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты үй салу жоспарланған. Бүгінде төрт үйдің құрылысы аяқталып, алдағы уақытта аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталады. Кейіннен тұрғын үйлер қолданысқа берілмек.

«Инженерлік желілерді уақытылы тарту қажет. Тұрғындар тарапынан сапаға байланысты шағым болмауы тиіс. Әкімдікпен бірлесіп, әрбір қадамды келісіп жасаңыздар. Үй салу – жақсы іс, алайда оның сапалы болуы одан да маңызды», – деді қала әкімі Асхат Бердіханов.

Әкім одан кейін 8–10 шағынаудандардағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан жолдарды қарап шықты. Мұнда көше жарығын орнату мәселесі талқыланды. Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің айтуынша, жоба 2026 жылға өтпелі. Қазіргі таңда тротуар бордюрлары мен аялдамалар орнатылып, жолдың кейбір бөлігіне асфальт төселген. Барлық жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес атқарылуда.

Биыл Шеңгелді ауылдық округіне қарасты елдімекендерде жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар «Көшпенділер қалашығына» жаңа жол салынып, «Қарлығаш» ықшамауданында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Жыл басынан бері Қонаев қаласында 18 843 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 9,7 млрд теңгені құрады.

Қаланың тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бұл жұмыстар Қонаевтың жаңа кейіпке енуіне жол ашпақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz