Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Таза жағажай» акциясы өтті: 3 тонна қоқыс жиналды

Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында жергілікті тұрғындар, жастар, еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Таза жағажай» экологиялық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шараның басты мақсаты – жағажай аумағын қоқыстан тазарту, су айдындарының ластануын болдырмау және қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару.

Қонаев қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Базарбай Оралбаев:

«Біздің мақсатымыз – табиғатты таза күйінде сақтап, оны келешек ұрпаққа мұра ету. Экологияны қорғау – әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс. Осындай бастамаларға жұртшылықтың белсенді атсалысуы аса маңызды», – деп атап өтті.

Акция барысында қатысушыларға экологиялық мәдениет, табиғатты аялау және қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, тәрбиелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 200-ден астам тұрғын жұмыла кірісіп, жағажай аумағын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелер мен қағаз қоқыстардан тазартты. Жалпы, 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады, әрі Қонаев қаласының табиғи сұлулығын сақтау жолындағы маңызды шаралар қатарын толықтырады.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz