Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жұмыстар қарқын алды

Қонаев қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және көгалдандыру бағытында жүргізіліп жатқан бұл бастама қалада кең қолдауға ие болып, тұрғындардың белсенділігімен жүзеге асуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қаланың тазалығы мен көркеюіне облыстық басқармалар мен департаменттер, түрлі мекемелер мен кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер тартылып, сенбіліктерге бір кісідей жұмылуда. Олар қала аумағындағы санитарлық тазалыққа үлес қосып, қоршаған ортаны жақсартуға өз септігін тигізіп келеді.

Қонаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Дархан Батыршаның айтуынша, биыл наурыз айынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында жеті ауқымды сенбілік өткізіліп, оған 3000-нан астам адам қатысқан. Ал соңғы облыстық деңгейдегі сенбілікке 800-ге жуық тұрғын қатысып, 20 тоннаға жуық қатты қалдық арнайы техника көмегімен арнайы қоқыс орындарына жеткізілген. Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан 18 арнайы техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ, Іле өзенінің жағасында орналасқан тарихи-мәдени маңызы зор «Таңбалы тас» аймағында да тазалық жұмыстары жүргізілген. Шара барысында алты техника қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс жиналып, сыртқа шығарылған.

«Қазіргі таңда қамыс шабу жұмыстары жүргізілуде. Өткен сенбіде қала аумағында 22 мың қайың көшеті отырғызылды. Жоспар бойынша тағы 14 мыңға жуық терек, қараағаш және қылқан жапырақты ағаштар егілмек. Қазірдің өзінде соның 4 мыңы отырғызылды. Алдағы сенбіде 500 көшет егу шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған шамамен 300-дей тұрғын қатысады деп күтілуде», – дейді Дархан Сабырханұлы.

Қаланы көгалдандыру жұмыстарына «Жасыл қала» мекемесі де белсене кіріскен. Аталған мекеменің бригадирі Ержан Бектасовтың айтуынша, жасыл желектер егуге арналған жерлер дайындалып, топырақ қопсытылып, алдағы егу науқанына әзірлік басталып кеткен.

Қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету – полиция қызметкерлерінің де назарында. Қонаев қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары да акцияға белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалықты бақылауға алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаланың әр бұрышындағы бейберекет тасталған қоқыстар бойынша тұрғындарға ескерту жасалып, қажет жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.

«Қазіргі уақытта қала көшелерін аралап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгу фактілерін анықтау бағытында тексеру жүргізіп жатырмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарын экологиялық тәртіпке бейім болуға, арнайы орындардан тыс жерлерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Қала тазалығы – әрбіріміздің ортақ міндетіміз», – дейді учаскелік полиция инспекторы Данияр Дәулетияр.

«Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық акция ғана емес, ел азаматтарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды бастама. Қонаев қаласында қолға алынған бұл жұмыс өз нәтижесін беріп, қала экологиясын жақсартуға үлес қосуда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz