Бұл шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары және ардагерлер белсене атсалысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде ағаштар отырғызылып, аулалар мен қоғамдық аумақтар абаттандырылды. Сондай-ақ көшелер мен саябақтар тазартылып, бордюрлер сырланды.
Акцияның негізгі мақсаты – қаланың экологиялық ахуалын жақсарту, тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Мұндай бастамалар қала тұрғындарының бірлігін нығайтып, туған жердің тазалығы мен жайлылығын сақтауға ортақ үлес қосуға жол ашады.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатын болады.





