Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта гидронефроз диагнозы қойылған жас науқасқа күрделі ота жасалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында 24 жастағы науқасқа жоғары технологиялы лапароскопиялық операция сәтті жасалып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында күрделі медициналық көмекті тегін алу мүмкіндігі тағы бір мәрте дәлелденді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Науқас ауруханаға сол жақ бүйректің II–III дәрежелі гидронефрозы диагнозымен түскен. Бұл патология бүйрек пен несепағар түйіскен тұстың тарылуы, сондай-ақ қосымша бүйрек артериясының несепағарды қысуы нәтижесінде дамыған.

Соның салдарынан зәрдің табиғи ағуы бұзылып, оның жиналуы бүйректің кеңеюіне, қатты ауырсынуға және қабыну үдерісінің асқынуына әкелген.

Мамандардың айтуынша, уақтылы ем көрсетілмеген жағдайда бұл жағдай бүйрек қызметінің төмендеуіне немесе толық жоғалуына себеп болуы мүмкін еді.

Бұған дейін науқасқа шұғыл көмек көрсетіліп, несепағарға стент-катетер орнатылған. Бұл шара уақытша көмектескенімен, аурудың негізгі себебін жоймайтыны белгілі болған.

Уролог дәрігердің жоспарлы кеңесінен кейін түпкі себепті түбегейлі жою үшін хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылданған.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирургия бөлімшесінде уролог дәрігер Айдар Сабаев, хирург Серік Сабаев және анестезиолог-реаниматолог Юрий Хайленконың қатысуымен түбекше-несепағар сегментінің лапароскопиялық пластикасы сәтті орындалды.

Ота бірнеше шағын тілік арқылы, ірі кесусіз жүргізілген.

Бейнебақылау жағдайында:

  • тарылған аймақ нақты анықталды,

  • қосымша бүйрек артериясының қысымы жойылды,

  • несепағар мен бүйрек астаушасы арасында жаңа байланыс қалыптастырылды,

  • зәрдің еркін ағуын қамтамасыз ету үшін ішкі стент орнатылды.

Мамандардың айтуынша, бұл әдіс жарақаттылықты азайтып, операциядан кейінгі ауырсынуды төмендетеді әрі қалпына келу мерзімін қысқартады.

Айта кетейік, мұндай лапароскопиялық араласулар техникалық тұрғыдан күрделі операциялар қатарына жатады. Хирургтер шектеулі кеңістікте тек бейнекамера арқылы жұмыс атқарып, аса жоғары дәлдікпен әрекет етеді.

Әсіресе, ірі қан тамырларына жақын орналасуы отаның күрделілігін арттырады. Бұл жағдайда несепағарды қысу себебін жойып қана қоймай, бүйректің қанмен қамтамасыз етілуін толық сақтау негізгі міндет болған.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, ауырсыну мен қабыну белгілері жойылған. Науқас қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық бақылауға шығарылған.

Бұл клиникалық жағдай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында азаматтардың басқа өңірлерге шықпай-ақ, күрделі әрі жоғары технологиялы медициналық көмекті тегін алу мүмкіндігін көрсетеді.

Операцияның сәтті өтуі дәрігерлердің кәсіби шеберлігіне, қызметтердің үйлесімді жұмысына және Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының заманауи материалдық-техникалық базасына тікелей байланысты.

МӘМС жүйесі халықтың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, азаматтардың денсаулығын сақтауға қызмет етуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz