Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер блогерлермен бірге талқыланды

13 қаңтар күні Қонаев қалалық орталық ауруханасында Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің жетекшілігімен блогерлермен және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
13.01.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина саласындағы өзекті мәселелерді ашық форматта талқылау, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесі мен медиа қауымдастық арасындағы диалогты нығайту. Кездесу барысында медициналық қызметтердің сапасын арттыру, саланы цифрландыру, жедел медициналық жәрдем жұмысы, халықпен кері байланысты күшейту және ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Жиын барысында Ержан Сүлейменов бұған дейін өткен кездесулерде көтерілген мәселелердің қалай шешіліп жатқаны жөнінде баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарға нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар ол кездесуге қатысқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлердің сұрақтарына жауап беріп, денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті тақырыптар бойынша түсініктеме берді.

 

 

«Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылдан бастап тоқсан сайын Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің белсенді өкілдерімен, БАҚ өкілдерімен және блогерлермен кездесу өткізіп тұрамыз. Олар өз өңірлеріндегі медицина саласына қатысты өзекті мәселелерін көтереді. Осы жерде сол сұрақтарды талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз. Солардың бірі жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігі. Ол бойынша биыл Алматы облысы әкімінің қолдауымен лизингпен 90  жедел-жәрдем көлігі алынып жатыр. Қазіргі уақытта, 20 көлік берілді. Қалғанын осы үш айдың ішінде аламыз. Сонымен Алматы облысы 100% жедел-жәрдем көліктерімен қамтамасыз етіледі. Екінші мәселе медициналық көмектің сапасы. Үшіншісі, МӘМС жүйесіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарының жетіспеушілігі. Бүгінгі кездесуде осы сұрақтардың шешу жолдары талқыланды», — деп атап өтті Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.  

Айта кетейік, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бірінші кездесуде 35 мәселе көтерілген екен. Қазір оның 95%-ы өз шешімін тапты. Екінші кездесуде 18 сұрақ болды. Қазір оның 17-сі шешілді. Тағы бір сұрақ жұмыс барысында шешімін табады.

Кездесуге Алматы облысы бойынша орталық аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері мен жедел медициналық жәрдем қызметінің басшылары қатысып, өңірдегі медицина саласының қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.

Мұндай форматтағы ашық кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, саладағы мәселелерді бірлесе талқылауға және тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге оң ықпал етеді деген үміттеміз.

Тегтер: Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасыБасты жаңалықтарЕржан Сүлейменовмедицина

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz