Жаңа жыл қарсаңында қоныстой тойлағандардың қатарында әлеуметтік осал топтағы азаматтар, жастар, спортшылар, сондай-ақ қоғам өміріне белсенді араласып жүрген тұрғындар бар. Пәтерлер тұрғындардың жекеменшігіне рәсімделген.
«Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері тұрғын үй құрылысымен айналысып келеміз. Бүгін 12 тұрғынға қуаныш сыйласақ, алдағы уақытта тағы да бірқатар азаматқа пәтер табыстауды жоспарлап отырмыз. Тәуелсіздік күні мен келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!» – деді компания акционері Нұрғали Мылтықбаев.
Сонымен қатар демеуші «Қапшағай Самға» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Абдулдаевқа коммерциялық нысан сыйлады.
Айта кетейік, соңғы екі жылда Қонаев қаласында әлеуметтік осал топтағы 230-дан астам отбасы мемлекет тарапынан баспанамен қамтылған.





