Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта бірнеше көшенің жолы күрделі жөндеуден өтеді

2023 жылы бекітілген Қонаев қаласының бас жоспарына сәйкес, биыл 10 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.03.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Олар Алматы, Вивальди, Абай, Әуезов, Железнодорожная, Сидранская көшелері және Қарлығаш ықшам ауданындағы 3 көше мен «Алтын алма» саяжайының көшесі бар. Қазіргі уақытта, барлығының жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған соң бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер компания анықталады. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Одан бөлек, Сейфуллин көшесі кеңейтіліп жатыр. Жоба 2023-2024 жылдарға арналған. Ұзындығы 5 шақырымнан астам көшенің ені 15 метрге ұлғайтылды. Жолдың басым бөлігіне 2 қабат асфальт төселді. Тротуар мен веложүргізушілерге арналған жол жасалып жатыр. Көше бойына ақылды шамдар орнатылды. Биылға жоспарланған жұмыстар басталды. Аялдамалар қойылып, көше абаттандырылады.

Сондай-ақ 8-10 ықшам ауданның жолы күрделі жөндеуден өтуде. Мердігер — «Асар строй» ЖШС. Жоба бойынша көшенің ұзындығы — 14 шақырым.

Қаладағы ойық-шұңқырлы жолдарға ағымдағы жөндеу жасау үшін конкурс ойнатылып, мердігер компания анықталды. Жөндеу жұмыстары 30-31 наурыздан басталады.

«Ақылды қала» тұжырымдамасына сай, шаһар көшелеріне «ақылды» 18 бағдаршам және арнайы бағдарламамен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Тапсырыс беруші — Алматы облысының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы. Жоба 2025 жылға өтпелі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржол жөндеукүрделі жөндеу жұмыстарыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz