Іс-шараның басты мақсаты – балалардың ой-өрісін кеңейту, заманауи технологиялар, шығармашылық және **тұлғалық даму бағыттарымен таныстыру болды.
Экскурсия барысында тәрбиеленушілерге аталған орталықтардың қызметі мен жұмыс бағыттары жан-жақты таныстырылып, белсенді ойындар мен интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мұндай танымдық сапарлар балалардың әлеуметтік бейімделуіне, мотивациясының артуына және болашаққа сенімділікпен қадам басуына үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және жаңа мүмкіндіктермен танысуына жол ашады.





