Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта аялдамалар цифрландырылуда

Қонаев қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында биыл 16 жаңа аялдама орнатылды. Қазіргі таңда олардың барлығы цифрландыру жүйесіне қосылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2025
Аймақ

Қала әкімі жаңа аялдамалардағы ақпараттық және қауіпсіздік технологияларының енгізілу барысымен танысты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің айтуынша, әр аялдама 4 бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Бұл құрылғылар 30–50 метр қашықтықтағы адамның бет-әлпетін және іс-қимылын анық көруге мүмкіндік береді.

«Вандализммен күресу мақсатында камералар орнаттық. Жақын арада оларды Жедел басқару орталығына қосамыз. Сонда мемлекет мүлкін бүлдірген немесе қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды жедел анықтауға мүмкіндік туады», – деді Бағдат Алиев.

Заманауи аялдамалардың ішінде телефон қуаттағыштар мен автобустардың қозғалыс бағытын көрсететін электронды мониторлар орнатылған. Сонымен қатар, тұрғындардың ыңғайлылығы үшін аялдамаларға тегін Wi-Fi орнату мәселесі бойынша ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

«Аялдамалар автобустар жүретін уақытта ғана ашық болады. Бұл – тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қолға алынған шара», – деп толықтырды бөлім басшысы.

Бұдан бөлек, қаладағы барлық аялдамаларды бірыңғай архитектуралық стильге келтіру жоспарланып отыр. Шаһар әкімі тиісті бөлімдерге бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Қала тұрғындары аялдамалардағы жарнама ілу, сындыру немесе тәртіп бұзу фактілері бойынша 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

Айта кетейік, өткен жылы Қонаевта 34 жаңа аялдама орнатылған болатын. Осылайша, қаладағы қоғамдық көлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңарып, тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасалуда.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz