Қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ҚР Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметін мінсіз атқарған қала жастарына Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хатын табыстады.
2024 жылғы көктемгі шақыру науқаны аясында әскер қатарына алынған бұл жастар жоғары жауынгерлік дайындық көрсетіп, азаматтық борыштарын жауапкершілікпен өтегені үшін мемлекет тарапынан «Көктем – 2024» білім беру гранттарына ие болды. Олар еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.
Грант иегерлері:
Досымбек Бекжан Ақылбекұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Наширбай Жасұлан Азаматұлы – Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT университеті;
Медведик Владик Игоревич – Ұлттық ядролық зерттеу университеті;
Разумов Александр Юрьевич – Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті;
Рудзинский Даниил Юрьевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
Болатов Данияр Қанатұлы – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты;
Сәуірбай Абылай Азаматұлы – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты;
Умаров Еламан Наурызбайұлы – Алматы технологиялық университеті.
Бұл марапат – жастардың әскери борышын абыроймен өтеп қана қоймай, ел дамуына үлес қосуға дайын екендігінің айғағы. Қала басшылығы олардың білім жолында жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіріп, жарқын болашақтарына сенім артты.





