Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 15 жаңа қоғамдық нысан бой көтеруде

Қонаев қаласында қолайлы орта қалыптастыру және қоғамдық кеңістіктердің санын арттыру мақсатында жыл сайын «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама қала тұрғындарының өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салып, қаланың көркеюіне үлес қосуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Былтыр жоба аясында 10 нысан абаттандырылып, көгалдандырылған болса, биыл 15 аумақ жаңа келбетке енуде. Олардың қатарында Қонаев, Сейфуллин, Степная көшелерімен қатар №2 және №5 шағынаудандарындағы бірқатар аулалар бар.

Бұл жерлерде заманауи спорт және ойын алаңдары, воркаут аймақтары салынып, жасыл желектер отырғызылуда. Сондай-ақ бұрын жарық жүргізілмеген көшелерде жарықтандыру желілері орнатылмақ.

15 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

“Бұл жоба жаңа демалыс аймақтарын құру, шаһардың келбетін жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруды көздейді. Өтінімдер 1 ақпаннан 1 наурызға дейін қабылданып, тұрғындар ұсынған жобалардың ішінен ең өзектілері іріктелді. Қазір құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр”, — деді қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.

Айта кетейік, бұған дейін де қалада «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа сквер қолданысқа берілген болатын. Бұл – Қонаев қаласында тұрғындармен өзара ынтымақтастықта жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелі үлгісі.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz