Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының дауға айналған қоғамдық көлік мәселесі жақын арада шешіледі

Тұрғындардың айтуынша, мектептен қайтқан балалар автобустарға сыймай, аязды күні келесі қоғамдық көлікті күтуге мәжбүр болып жүр.

13.01.2023
Аймақ

Аталған мәселеге байланысты қала әкімі Нұрлан Құматаев тұрғындарға қызмет көрсетуші «Қапшағай АТО» ЖШС мамандарымен басқосу өткізді. Жиында ол қоғамдық көлік мәселесін басты назарға алып, тиісті шараларды қабылдайтынын айтты.

Ал қалалық автопарктің иесі Біржан Чимчиков өткен жылы қарашада балансқа берілуі керек болған 8 автобустың неліктен әлі қолданыста жоқ екенін түсіндірді.

«2022 жылы 8 автобусты Bank CenterCredit банкінен 250 млн теңге несие алып, сатып алмақ болғанбыз. Ол үшін меншікте бар жылжымайтын мүліктің көбін кепілдікке де қойдық. Дегенмен, кей құжаттар дәл уақытында реттелмей, несие алу кейінге шегерілді. Қаңтар айының аяғы мен ақпан айының басында бұл мәселе шешіліп, 8 автобус қолданысқа беріледі деп жоспарлап отырмыз», — деді Біржан Чимчиков.

Оның айтуынша, министрлікке жолданған 100 миллион теңге субсидия бөлу туралы өтініш те қарастырылып жатыр. Егер жауапты министрлік ақша бөлсе, қосымша автобустар сатып алынады.

Айта кетейік, қазіргі таңда автопарктің балансындағы 19 автобустың төртеуі жөндеуден өтіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін тағы 2 автобус істен шықты. 13 қаңтар күні №4 бағытта – 5, №7-де – 4, №2-де – 3 автобус қызмет көрсетіп жатыр. №4 бағыттың жүру интервалы – 10 минут, №7 – 15 минут, №2 – 30 минут.

Тегтер: Алматы облысықоғамдық көлікҚонаев

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz