Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының 55 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толды. Мерейтой тұрғындар мен қонақтардың қатысуымен кең көлемде аталып өтіп, қала халқы сенбі күнгі жаймашуақ ауа райында ортақ қуанышты бірге бөлісті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мерейтойлық шара Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Қала әкімі Асхат Бердіханов, қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман, қала ақсақалдары мен тұрғындар көрнекті тұлғаның рухына тағзым етті.

Содан кейін шаһар басшысы қаланың экономикалық дамуына серпін беріп отырған кәсіпорындардың көрмесін аралады. Онда «АЯМ» ЖШС (жүгері таяқшалары өндірісі), «Бағашар мекен» ЖШС (қазақстандық антифриз бренді), «Юнипак Шымкент» ЖШС (құтылар өндірісі), Қосқұдық кірпіш зауыты және «ПФ Электросервис» ЖШС (трансформаторлар өндірісі) өнімдері таныстырылды.
Сонымен қатар қаладағы танымал демалыс орны «Del Mare» және көпфункционалды ойын-сауықтық кешен «ASP ARENA» таныстырылым жасап, туристік әлеуетті арттыруға бағытталған жобаларын ұсынды.

Б.Соқпақбаев атындағы орталық саябақта бүлдіршіндер үшін шеберлік сабақтары мен түрлі шоу бағдарламалар өтті. Әкім балалармен бірге өнер көрсетілімдерін тамашалап, жас суретшілер қатысқан арт-аймақта Дінмұхамед Қонаевтың портретін бояу шарасына қатысты.
Тікелей эфир арқылы тұрғындарға сәлем жолдау мақсатында әкім ТикТок аймағына да барды.

Сондай-ақ саябақтың спорт алаңында асық ату, тоғызқұмалақ, қол күрес сияқты ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, футбол, волейбол және үстел ойындары бойынша қалалық турнирлер өтті.

Орталық алаңда түрлі этномәдени бірлестіктердің тақырыптық шатырлары тігілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері тұрғындарға 30 метрлік ерекше «алма бәлішін» ұсынып, елдің бірлігін паш етті.

Салтанатты рәсімде қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғындарды мерейтоймен құттықтап, қаланың даму барысына тоқталды:

«Тарихы терең Қонаев қаласының 55 жылдық мерейтойы құтты болсын! 2022 жылдың 3 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласы Алматы облысының орталығы болып бекітіліп, Қонаев атауы берілді. Сол уақыттан бері қаламыздың бет-бейнесі жаңарып, инфрақұрылымы қарқынды дамуда», – деді әкім.

Оның айтуынша, қала халқының саны 3,7 пайызға өсіп, бүгінде 66 200 адамға жетті.
Соңғы үш жылда:

  • 312 млрд теңге инвестиция тартылды;

  • өнеркәсіпте 418 млрд теңгенің өнімі өндірілді;

  • ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 135 млрд теңгені құрады;

  • 177 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді;

  • әлеуметтік осал топтарға 235 пәтер берілді.

Әкім қаланың 2027 жылға дейінгі кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында 187 жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын айтты. Оның ішінде:

  • электрмен жабдықтау – 12 жоба,

  • газ жүйесі – 8 жоба,

  • жылумен қамту – 6 жоба,

  • сумен жабдықтау және кәріз – 41 жоба,

  • көлік инфрақұрылымы – 13 жоба.

«Бұл мерейтой – облыс орталығының қарқынды дамуының нақты көрінісі. Қонаев қаласы тек өңірдің емес, елдің мақтанышы бола бермек», – деп түйіндеді Асхат Бердіханов.

Мерекелік жиында қала өміріне үлес қосқан азаматтар мен ұжымдар марапатталды.
Баспагер Вагиф Гаджиев қалалық кітапханаға Дінмұхамед Қонаев туралы сирек кітапты сыйға тартты. Екі жарым жыл бойы дайындалған бұл жинақтың салмағы 8 келі, таралымы – бар-жоғы 500 дана.

Мереке барысында Қонаев қаласының тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылым қойылып, әуе шары аспанды әсемдеп қалықтады. Кешкі бағдарламада Мирас Жүгінісов пен қазақстандық танымал топтар өнер көрсетіп, түрлі конкурстар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара жарқыраған отшашумен өз мәресіне жетті.

Тұрғын Меруерт Сағитова мерекелік көңіл-күйін былай жеткізді:

«Қаламыздың 55 жылдығы үлкен деңгейде аталып өтті. Қуаныштымыз! Қала көркейіп, дами берсін!»

Қонаев қаласының мерейтойы – елдің бірлігін, тарихқа деген құрметті және жарқын болашаққа деген сенімді паш еткен мерекелік шара болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz