Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Биыл Қонаев қаласының негізі қаланғанына 55 жыл толып отыр. Осыған орай облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін алғаш рет Қала күні ауқымды деңгейде мерекеленбек. Мерекелік шаралар алты күн бойы жалғасып, тұрғындар мен қонақтар мәдени, спорттық және танымдық іс-шараларға қатысып, ерекше мерекелік көңіл күйді сезіне алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алты күнге жоспарланған мерекелік бағдарлама

Қала күніне арналған мерекелік жоспар 22-27 қыркүйек аралығында өтеді.
22 қыркүйек күні сағат 18.00-де Мәдениет үйінде «Қонаев әуендері» концерттік ансамблінің тұсаукесері өтеді.
23 қыркүйекте Қапшағай ГЭС-те ашық есік күні ұйымдастырылып, қала әкімінің кубогіне арналған «Qonaev 55» шағын футбол турнирі басталады.
24 қыркүйекте ҚР Қарулы Күштерінің десанттық-шабуылдау бригадасында ашық есік күні өтеді.
25 қыркүйекте «Таза қала – таза сана» атты жалпы қалалық тазалық акциясы және баскетболдан қала әкімінің кубогі ұйымдастырылады.
26 қыркүйекте қалалық кітапханада «Kitap fest» фестивалі өтіп, Қойшыманов көшесінде «Selfie zone» сквері қолданысқа беріледі.
25-27 қыркүйек аралығында «Шағала» кинотеатрында және Б.Соқпақбаев атындағы орталық саябақта тегін кино көрсетілімдері ұйымдастырылады.

Қала күні – 27 қыркүйек

Мерекенің ең басты күні – 27 қыркүйек. Бағдарлама сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін жалғасады.

  • Гала-концерт аясында ұзындығы 30 метр болатын алма бәліші дайындалып, оған түрлі ұлт өкілдері қатысады. Бұл шара бірлік пен татулықтың, бейбіт өмірдің айқын көрінісіне айналмақ.

  • Б.Соқпақбаев атындағы орталық саябақта балаларға арналған тегін ойын алаңдары, сурет көрмелері, фото-аймақтар, TikTok контентіне арналған алаңдар және түрлі инсталляциялар орнатылады.

  • Қала кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырып, жергілікті өндірістің әлеуетін көрсетеді.

  • Мерекелік театрландырылған қойылымда қала тарихы сахналанып, әсерлі мотошеру ұйымдастырылады.

  • Ардагерлер құрметтеліп, шомылу маусымының қорытындысы шығарылып, «Таза аула» байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Кештің басты сахнасында қазақстандық жұлдыздар Мирас Жүгінісов пен Bellucci тобы өнер көрсетіп, мерекелік концертті отшашу түйіндейді.

Қаладағы жаңа нысандар

Мереке қарсаңында бірқатар жаңа нысандар да пайдалануға берілмек.

  • 23 қыркүйекте қалалық кітапханада «Қонаев қаласының тарихы» бұрышы ашылады, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Алматы облысындағы қосыны өз жұмысын бастайды.

  • 26 қыркүйекте Қойшыманов көшесіндегі жаңа «Selfie zone» скверінің салтанатты ашылуы өтеді.

Қосымша шаралар

Қайырымдылық іс-шаралары да өткізіліп, қала тұрғындарының әлеуметтік қолдауға бағытталған бастамаларына назар аударылады. 27 қыркүйек күні қала күніне орай қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді.

Қонаев қаласының 55 жылдық мерекесі тұрғындардың бірлігін, туған қаласына деген сүйіспеншілігін және өңірдің мәдени-рухани әлеуетін айшықтайтын маңызды оқиға болмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz