Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласындағы мектеп-гимназияда балалар сабақта күртемен отыруға мәжбүр — ата-аналар

Қала тұрғындары бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан мектеп-гимназиясының жылу мәселесіне шағымданды. Олардың айтуынша, мектеп тұрғызылғалы бері 15 жылда бір рет те күрделі жөндеуден өтпеген.

16.01.2023
Аймақ

«Менің ұлым 8-сыныпта оқиды. Бүгін арнайы құрылғымен мектептің ауа температурасын өлшеп көрдік. Кей жерде ол 7 градусқа дейін төмендеп кеткен. Ал жалпы алғанда оқу ошағындағы ең жоғарғы температура 15 градусты көрсетіп тұр. Балалар бүрсең қағып, сабақта күртемен отыруға мәжбүр. Бұл нысанның қабырғасы мен шатыры жұқа, тіпті, қабырғалары қақырап, төбесінен су өткен жерлері де бар. Сыныптарда жылытқыш құрылғылар тұр. Биыл терезелерді қымтау үшін арнайы жапсырмалар сатып алдық. Жылу батареясы ыстық емес, жылымшы болып тұрады. Балаларымыз шетінен тұмаумен ауырып жатыр. Спорт залдың суық болуынан оқушылар денешынықтыру сабағын кабинеттерде өткізеді», — деді тұрғын Венера Маратқызы.

Ал мектеп директоры Гүлзат Тағанбайқызы бұл проблеманың бар екенін жасырмады.

«Расында да, мектеп суық. Қалалық жылу мекемесінің басшысы Сейдахмет Даданбеков те бұдан хабардар. Соңғы екі аптада күн райының бұзылуына байланысты 1-4-сынып оқушылары онлайн оқуға көшірілді. Ал жоғарғы сынып оқушылары бір сабақты 30 минуттан және жылы кабинеттерде оқып жатыр. Ал дәліздердің салқын болуы – терезеден соққан жел мен қабырғалардың жұқалығына байланысты. Орталықтандырылған жылудан келіп тұрған температура 73-74 градус шамасында. Бар жылу шатырдың жұқалығынан төбеге ұшып кетеді», — деді Гүлзат Тағанбайқызы.

Жергілікті білім бөлімінің басшысы Рақым Асылбекұлы болса биыл мектептің қабырғасын қаптауға 79 миллион теңге бөлінгенін айтты.

 

1 of 6
- +

«Былтыр орта мектеп-гимназиясының жертөлесіндегі элеватордың батареялары ауыстырылды. Оқу ошағы бой көтерген 2008 жылдан бері мұнда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Биыл мектептің қабырғасын қаптауға 79 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда шатырды арнайы материалдармен жылыту үшін қанша ақша кететіні есептеліп жатыр. Бұл жұмыстар үшін қосымша қаражат қарастырылады», — деді Рақым Асылбекұлы.

Тегтер: Алматы облысыҚонаевмектеп-гимназия

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz