Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласындағы атаусыз көшелерге ресми атаулар берілді

Қонаев қаласында бұған дейін атауы болмаған бірнеше көшеге ресми атау берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл шешім Алматы облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 21 қазандағы бірлескен қаулысы негізінде қабылданды. Құжатқа сәйкес, қаладағы көшелерге ел тарихында және өңірдің қоғамдық өмірінде із қалдырған тұлғалардың есімдері берілді.

Жаңа тізім бойынша 1-бағыттағы атаусыз көше «Әбдіқадыр Нұрмағанбетов» көшесі, 2-бағыттағы көше «Ақбай Әлібаев» көшесі, 3-бағыттағы көше «Жақыпжан Шарипов» көшесі деп аталды. Сондай-ақ 4-бағыттағы көше «Сүндетбай Балхашев», 6-бағыттағы көше «Жұмабек Жақыпов», ал 8-бағыттағы көше «Әукен Жылқыбаев» атауына ие болды.

Ресми шешім 2025 жылғы 9 қарашадан бастап күшіне енеді. Жаңа атаулар қала картасына енгізіліп, мекенжай анықтамалықтары жаңартылады.

Бұл өзгеріс көше атауларын реттеу, тарихи тұлғаларды ұлықтау және қаланың бірыңғай мекенжай жүйесін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz