Экологиялық бастаманы 2205 шағын және орта бизнес нысандары да қолдап, өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Осындай бірлескен еңбектің нәтижесінде қала бойынша 140 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 450 түп ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар Геопортал жүйесі арқылы анықталған Қонаев қаласы мен Шеңгелді ауылдық округі аумағындағы 20 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.
Қазір күз мезгілінде жапырақтар түсуіне байланысты коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілген. Күн сайын қала тазалығын қамтамасыз етуге 50-ден астам жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылуда. Апталық сенбіліктер дәстүрлі түрде жалғасып келеді.
Сонымен қатар тазалық сақтау мәдениетін арттыру мақсатында құқық бұзушылықтарға қарсы нақты шаралар қабылдануда. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша жыл басынан 1027 хаттама толтырылып, жеке және заңды тұлғаларға 1 млн 966 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 434-2-бап (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша азаматтарға 7 млн 116 мың теңге айыппұл белгіленген.
Мамандардың айтуынша, мұндай әкімшілік шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қала тазалығын сақтауға және қоғамда тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.





