Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында экономикалық өсімнің оң динамикасы байқалуда

Қонаев қаласы әкімдігі 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жариялады. Мәліметтерге сүйенсек, барлық негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсім тіркеліп отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Экономика және қаржы бөлімі таратқан деректерге сәйкес, жергілікті бюджетке 44,5 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 млрд теңгеге көп немесе 116,6 пайыздық өсімді құрайды.

Өңірдің өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 67,7 млрд теңгеге, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 96,7 млрд теңгеге жетті. Сауда саласы да тұрақты дамуда: бөлшек сауда айналымы 38,2 млрд теңге, көтерме сауда айналымы 20,9 млрд теңге болды.

Жұмыспен қамту саласында 2377 тұрғын еңбекке орналасуға өтініш білдіріп, олардың 662-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жалпы жұмыспен қамту деңгейі 27,9 пайызды, ал ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1180 адамды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында да өсім байқалады — өнім көлемі 14,4 млрд теңгеге жетті. Негізгі көрсеткіштер бойынша:

  • жылқы саны – 16,1%-ға,

  • ет өндіру – 15,1%-ға,

  • сүт өндіру – 8,6%-ға,

  • жұмыртқа өндірісі – 27,2%-ға артқан.
    Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 11 769 гектарды қамтыды.

Құрылыс саласында 9 айдың ішінде 36,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 17,4 млрд теңгеге жетті.

Қонаев қаласы әкімдігі бұл көрсеткіштер қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын және негізгі салалардағы оң серпіннің сақталғанын атап өтті.
Мамандардың айтуынша, инвестициялық белсенділік пен өндіріс көлемінің артуы қала экономикасының болашағына сенім ұялатып отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz