Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында балаларға арналған Президенттік шырша өтті

Бүгін Алматы облысының орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Президенттік шырша өтті.

25.12.2022
Аймақ

Мерекелік шараға әр ауданнан 9 жастан 13 жасқа дейінгі әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда, спорттық жарыстарда жеңімпаз атанған 200-ден астам бала қатысты.

Фото: Аслан Қажеке

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев балақайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға ақ тілегін арнады.

«Еңбек болмаған жерде талант — фейерверк секілді. Жарқ етеді де, тез сөніп қалады. Жетістіктің кілті — еңбекқорлықта. Адамның бойында дарыны болмаса да, еңбектің арқасында үлкен белестерді бағындыруға болады. Әсіресе, балалар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазір елімізде оқушылар үшін көп мүмкіндіктер қарастырылған. Тек өзі туған жерінде танымал болып қана қоймай, әлемді бағындырған адамдар баршылық. Бәріңізге соны тілеймін! Жаңа жыл бәріңізге бақыт әкелсін! Оқуда озат, спортта чемпион болуларыңызға тілектеспін!», — деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Фото: Аслан Қажеке

Сонымен қатар өңір басшысы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға мол сенім артып отырғанын айтып, Мемлекет басшысының атынан әр балаға 100 мың теңге ақшалай сертификат, Президенттің құттықтау сөзі жазылған хатын, Х. Андерсеннің ертегі кітабын, заттай сыйлық табыс етті.

Фото: Аслан Қажеке

«Президенттік шыршаға келгеніме қуаныштымын. Өте қызық өтіп жатыр. Мені осындай шараға шақырған адамдарға рақмет айтқым келеді», — деді Ш. Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының оқушысы Аяулым Ізтілеу.

Фото: Аслан Қажеке

Ал тілшілерге сұхбат берген Іле ауданындағы мектеп-лицейдің оқушысы Мадина Төлендінің айтуынша, балалар бүгінгі мерекелік кештен керемет әсер алған.

«Мен де Президенттік шыршаға бірінші рет қатысып отырмын. Мультфильмдердің, кинолардың кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар, бишілер, әншілер жақсы көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін!», — деді Мадина Төленді.

Президенттік шыршада мың бұралған бишінің де, әншінің де қарасы көп болды. Балалар үйлеріне ерекше сезімге бөлене тарқасты.

Фото: Аслан Қажеке

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржаңа жылҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz