Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында Алматы облысының мәдени күндері басталды

Бұл Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы өтіп отырған ірі көлемдегі алғашқы іс-шара. Алматы облысының мәдениет басқармасы ұйымдастырған шығармашылық кеш Қонаевтың орталық алаңына мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтарын жинады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

28.09.2022
Аймақ

Мерекенің құрметті қонақтары: өңірдің мәдениет қайраткерлері, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек және басқалар болды.

Салтанатты кеш барысында өңірдегі ақын-жазушылардың облыс әкімдігі қолдауымен жарық көрген 10 кітабы таныстырылды.

Фото: Alataunews.kz

«Осы шығармашылық жоба арқылы біз Алматы облысының мәдени маусымын ашамыз. Қонаев қаласы тұрғындары мен қонақтары аймақтағы әнші, бишілердің және белгілі сахна тарландарының өнерін тамашалауға алдын ала шақыртылды. Алматы облысы авторларының үздік кітаптарының тұсаукесері болды, биыл алғаш рет бірден 10 кітапты жарияладық, бұл ешқашан болған емес және бұл қазақстандық авторлардың маңызды қолдауы болып табылады», — деді Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова.

Кеш кішкентай оқырмандар үшін де мерекеге айналды. Іс-шара аясында балаларға арналған белгілі авторлардың 3,5 мыңға жуық кітабы өңір кітапханаларына берілді.

Концертте белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Фото: Alataunews.kz

Секен Тұрысбек, Гүлнұр Оразымбетова, Мирас пен Құралай, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі және т.б. өнер жұлдыздары ән мен би, күйден шашу шашты.

Көрермендер әсіресе қазақ эстрадасының жұлдызы Гүлнұр Оразымбетованы ерекше жылы қарсы алды. Сондай-ақ кеште ҚР Ұлттық ұлан ән-би ансамблі де өнер көрсетті.

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері мәдени маусымда мұндай іс-шаралар көп болатынын жеткізді.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz