Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында №6 жағажайды жаңғырту жұмыстары басталмақ

Қонаев қаласының әкімдігінде қала әкімі Асхат Бердиханов соңғы 5–6 жыл бойы №6 жағажайда кәсіпкерлік қызметпен айналысып келген 42 кәсіпкермен кездесу өткізді. Басқосуға сондай-ақ ОСДП партиясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесуде басты мәселе ретінде №6 жағажайды абаттандыру және дамыту жайы талқыланды. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлермен жасалған жалға алу келісімшарттары биылғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жарамды болғанына қарамастан, кейбір жалға алушылар әлі күнге дейін аумақты босатпаған.

Осыған байланысты қала әкімдігінің сенімгерлік басқаруындағы «Жасыл қала Қонаев» кәсіпорны жергілікті сотқа талап арыз берді. Әкімдік мамандары бұл мәселе шешілмесе, құрылыс жұмыстарының басталуы кейінге шегерілетінін атап өтті. Айта кетейік, жағажайды абаттандыруға арналған жоба дайындалған және алдағы уақытта мемлекеттік сараптамадан өтеді.

Кәсіпкерлер тарапынан жалға алу мерзімін ұзарту мәселесі көтерілді. Бұл сұраққа жауап берген қала әкімі Асхат Бердиханов нақты түсініктеме берді:

«Сотқа талап арыздың түсуі – заңды шешім. Бұған дейін аумақты босату туралы бірнеше рет ескертілген болатын. Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Қонаевқа жұмыс сапары барысында дәл осы №6 жағажайдағы кемшіліктерге ерекше назар аударды. Ең алдымен, жағажай санитарлық талаптарға толық сай болуы қажет. Осы мақсатта құны 1 миллиард теңгеден асатын ауқымды жоба әзірленді. Қазан айында бюджет қаралған кезде қаржыландыру мәселесі күн тәртібіне шығарылады. Біздің басты міндетіміз – келесі шомылу маусымы басталғанға дейін барлық құрылыс жұмыстарын аяқтау», – деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, жаңғырту жобасы аясында жағажай аумағында инженерлік желілер (канализация және су құбыры) жүргізіліп, заманауи демалыс аймақтары, ыңғайлы орындықтар, фудкордтар мен шағын бизнеске арналған нысандар бой көтереді. Сонымен қатар жаз мезгілінде жиі орын алатын Қапшағай су қоймасының таяздану мәселесі де ескерілген.

«Егер біз қаланы және туризм саласын дамытқымыз келсе, ортақ шешімге келуіміз керек. Аумақты тез арада босатыңыздар. Құрылыс аяқталғаннан кейін жағажай әкімдікке қарасты кәсіпорынның сенімгерлік басқаруына беріледі. Сол мекеме бұрын жұмыс істеген кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайды. Бірақ барлығы заң аясында жүргізіледі. Әр кәсіпкер өз аумағын күтіп-ұстауға толық жауапты болады. Бұрынғыдай салғырттық пен кемшіліктерге жол берілмейді. Келісімшарт құны да биылғы жылдан өзгеше болуы мүмкін», – деді Асхат Бердиханов.

Ауқымды жоба – қаланың туристік әлеуетін арттыру жолында

Қала әкімдігінің дерегінше, Қонаевта жалпы ұзындығы 6,1 шақырым жағажай аймағын толықтай абаттандыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда оның тек 1 шақырымнан астам бөлігі ғана қайта жаңғыртылған.

Ауқымды жоба жүзеге асқанда, №6 жағажай жаңа келбетке ие болып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи демалыс орнына айналмақ. Бұл бастама өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және Қонаев қаласын еліміздегі ірі туристік орталықтардың біріне айналдыруға жол ашады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz