Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстаннан 2 млн долларды заңсыз шығарғандар анықталды

Алматы облысында тіркелген «Т» ЖШС шетелдік компаниямен жасаған сыртқы экономикалық шарт аясында Қазақстаннан 2 миллион АҚШ долларын заңсыз шығарған. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Прокуратураның дерегінше, компания жалпы құны 6 миллион долларды құрайтын тауар жеткізуге шарт жасасқан. Алайда іс жүзінде шетелдік резиденттің шотына ақша толық көлемде аударылғанымен, нақты тауар тек 3,7 миллион долларға ғана жеткізілген.

«Қалған қаражат шарттық міндеттемелерді формалды түрде бүркемелеу арқылы елден заңсыз шығарылған. Компания шетелге аударылған қаражатты қайтару үшін ешқандай шара қабылдамаған. Сонымен қатар, салық органдары да валютаны елге қайтару (репатриация) талабын бұзғаны үшін тиісті әрекет етпеген», – делінген прокуратура хабарламасында.

Анықталған заңбұзушылық бойынша облыс прокуратурасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабының 2-бөлігі негізінде («Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау») әкімшілік іс қозғады.

Қонаев қалалық сотының қаулысымен, «Т» ЖШС кінәлі деп танылып, 239 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тегтер: заңбұзушылыққылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz