Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстан тағы да қантсыз қалуы мүмкін — Жетісу облысының шаруалары дабыл қағып жатыр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевпен өткен кездесуде аймақтың шаруалары қант өндірісіне тағы да қауіп төніп тұрғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.  

07.10.2022
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Балпық би кентінде өткен жиналыста Жетісу облысының агроөнеркәсіп кешені өкілдері көтерген басты тақырып – қант өндірісіндегі кедергілер. «Кең Дала» шаруашылығының жетекшісі мәлімдеуінше, шаруалар бағасы шарықтап кеткен тыңайтқышты сатып ала алмай отыр. Олар қант қызылшасын егетін жерді өңдеу маусымы өтіп бара жатқандықтан, мәселеге Үкіметтің шұғыл араласуын сұрап отыр.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

«Келесі жылы қант қызылшасының егістік көлемін және өнімділікті ұлғайтсақ деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін дайындыққа биылдан бастап кірісуіміз керек. Ал тыңайтқыш бағасы аспандап кеткен. Биылғы өнім ақшасын зауыттан әлі алғамыз жоқ. Қаржы қолға тиіп, қажетті селитраны себем дегенше, жер қатқақ болып, тыңайтқыш төсеуге келмей қалады», — деді шаруашылық басшысы Қалибек Алпысбаев.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Оның айтуынша, әр гектарға 300-500 келідей аммофос (тыңайтқыш) қажет. Қазір оның 1 тоннасының бағасы – 204 мың теңге. Сондықтан тез арада мемлекеттен арзандатылған бағамен тыңайтқыш берілуі керек. Әйтпегенде, биылғы жағдай 2023 жылы да қайталанады.

Өз кезегінде министр тыңайтқыш зауыттарының басшыларымен жиын өткізетінін айтты.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

«Индустрия министрлігіне Қазақстанда өндірілген тыңайтқыштарға квота қою туралы ұсыныс тастадық. Яғни кем дегенде селитра өнімінің 50%-ы елдің ішкі нарығында қалуы керек», — деді Ербол Қарашөкеев.

Жетісу облысы — қызылша өндірісімен айналысатын екі аймақтың (екіншісі Жамбыл облысы) бірі. Қазіргі таңда қызылша егумен айналысатын шаруашылықтардың 25% ғана үкімет тарапынан тыңайтқышпен қамтамасыз етіледі. Облыс бойынша биыл 200 мың тоннаға жуық өнім алынды. Сонымен қатар, қант өндіретін негізгі 4 зауыттың екеуі осы Жетісу облысына тиесілі.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Қазақстан халқының сұранысын қамтамасыз ету үшін жылына 500 мың тонна қант қажет, ал 4 зауыттың қауқары небары 70 мың тонна.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын іске қосылған жеті қант зауытының тек төртеуі — Алматы және Жамбыл облыстарында жұмыс істеп тұрғанын және олардың жүктемесі небәрі — 31% екенін айтып, Үкіметтің жұмысын сынға алған болатын. Саланы дамытудағы әлсіз жұмысы үшін Президент Сауда және интеграция министрі мен Ауыл шаруашылығы министріне сөгіс жариялаған еді. Осы күні Қазақстанның импорттық қантқа тәуелділігі — 90%.

Фото: Жұмабай Мұсабеков
Фото: Жұмабай Мұсабеков
Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖетісу облысықант

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz