Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қатерлі ісікке шалдыққан жамбылдық науқас ауруынан құлан таза айықты

Үш баласы бар науқас, өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан екен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
29.07.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, Самсы ауылының тұрғыны өкпесінде қатерлі ісік барын тіркелген ауруханасындағы дәрігер-терапевтінен білген.

3 баласы бар науқастың айтуынша, ауру белгілері 2023 жылы желтоқсан айында пайда болыпты. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел қызмет барысында өкпесі қысылып, жиі ентіге берген. Кейін бұл белгілер ауыр жөтелге ұласқан. Бірден дәрігерлер кеңесіне жүгінген. Алдымен кеуде тұсын рентгенге түсіріп, қажетті зерттеулерден өткен. Одан кейін компьютерлік томография тексеруі тағайындалған. Жамбыл аудандық аурухасында терапия бөлімінің меңгерушісі тапсырылған сараптама нәтижесін мұқият шолып, өкпеде қатерлі ісік болуы мүмкін деген күдігін жеткізген.

«Алғаш естігенде маған өте ауыр болды. Сенбедім. Дәрігердің айтуы бойынша бронхоскопиядан өттім. Бұл тыныс алу жүйесінде, әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын арнайы әдіс. Нәтижесінде терапевт айтқан диагноз расталды. Экраннан ісікті көрсетті», — дейді 33 жастағы науқас.

Дәрігерлер өкпедегі қатерлі ісікті хирургиялық ем арқылы алу керектігін айтқан. Онкология және радиологиялық қазақ ғылыми-зертеу институтына жолдаманы Жамбыл аудандық ауруханасы берген. МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұрғын отадан, оған дейінгі зерттеулердің барлығынан тегін өткен.

«Отаға өзім тіркелген ауруханада дайындалдым. Магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томографиядан өттім. Барлық құжатымды жинадым. 3 күннің ішінде порталда кезегім келді. Ота сәтті өтіп, 20 күн бойы оңалтудан өттім. Ауруымды алғашқы сатысында анықтаған дәрігер-терапевтім Айгүл Қойайдароваға алғысым шексіз», — дейді 3 баланың анасы.

Расымен, дәрігердің ауруды ерте анықтауы, қатерлі ісікті уақытында көзін жоюға сеп болған. Нәтижесінде науқас онкологиялық аурудан құлан таза айыққан. Ешқандай қосалқы, не кешенді емді қажет етпеген. Қазірде жамбылдық азамат онкологиялық есепке алынған. Әр 3 ай сайын медициналық тексеруден, яғни скрининг, қажетті зерттеулерден өтіп тұрады. Мұнымен қоса, жолдама арқылы Алматыдағы онколог дәрігерлердің консультациясын да тегін алады.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz