Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қаржының 63,4% әлеуметтік салаға жұмсалады – Алматы облысының 2023 жылға арналған бюджеті бекітілді

Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен мәслихаттың кезекті XXXІ сессиясы өтті. Онда 2023 жылдың бюджеті бекітілді.

13.12.2022
Аймақ

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораздың мәлімдеуінше, 2023 жылға арналған облыс бюджетінің жобасы – 743,5 млрд теңге.

«Шығынның ең көп үлес салмағы әлеуметтік салаға жұмсалады – 471 млрд тг  (63,4%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 69,8 млрд тг (9,4%), ауыл шаруашылығы – 46,3 млрд тг (6,2%), көлік және коммуникация – 36,1 млрд тг (4,9%), басқа бағыттарға — 120,3 млрд тг (16,2%)», — деді Асылан Ораз.

Атап айтқанда, әлеуметтік сала бойынша қомақты қаражат әдеттегідей білім саласын дамытуға бөлінді – 386,3 млрд тг, денсаулық сақтау саласына бұл жолы – 21,7 млрд тг, әлеуметтік көмек және қамсыздандыруға – 35,2 млрд тг, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешуге – 69,8 млрд тг, көлік және коммуникация – 36,1 млрд тг, мәдениет, спорт, туризм салаларына және халықты ақпаратпен қамту үшін  – 27,8 млрд тг қарастырылған. Ауыл шаруашылығын жетілдіруге – 46,3 млрд тг, отын-энергетика кешені және кен өндіру саласына – 10 млрд тг жұмсалмақ.

Өңірдің бас экономисті Асылан Ораз бұл қаражат негізінен облыс әкімінің халықпен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешуге жұмсалатынын айтты.

«Үш ауысымды мектептерді жою, тұрғын үймен қамтамасыз ету, суару каналдарын жөндеу, елді мекендерді газдандыру және сумен жабдықтау, жол инфрақұрылымын дамыту — басым бағыттар», — дейді ол.

Айта кетейік, облыс бюджетіне түскен кірістің негізгі үлесі салықтан құралған — 441,1 млрд тг (99,1%). Сонымен қатар, республикалық бюджеттен мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды Алматы облысы бойынша іске асыру үшін — 90,2 млрд тг  қарастырылған.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz