Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында жол жүру қағидаларына қатысты жиын өтті

Алматы облысының Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Ш. Қожантаев пен Ішкі істер басқармасының басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлады аталған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

09.10.2023
Аймақ

Жиында «Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына» тоқталып өтті.

«Бұл қағидаға сәйкес, жол жүрісі қағидаларына шағын электр көлігі құралы ұғымы енгізілді. Атап айтқанда, электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді қоспағанда, электр қозғалтқышпен жарақталған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы – шағын электр көлік құралы ретінде танылады. Мопед жүргізушілерге велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, жол жиегімен, жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Сонымен бірге шағын көлік құралдарында жүрген азаматтарға көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге болмайды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап жол қозғалысы ережелерінде «жол-көлік оқиғасын оңайлатылған тіркеу – ішкі істер қызметкерлерінің қатысуынсыз жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды рәсімдеу» деген жаңа анықтама күшіне енетіндігін жеткізді.

Жиында сонымен қатар, жол-көлік оқиғасының іс-құжаттарын толтыру барысында іске қатысушылар жөнінде мәлімет толық көрсетіліп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 803-бабының талаптарын сақтау жөнінде айтылды.

ӘҚБтК-нің 738-бабына сай, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылатындығы түсіндірілді.

Жиын соңында ішкі істер қызметкерлері жол-көлік саласында туындайтын сұрақтар бойынша пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, күн тәртібінде қозғалған мәселелерді назарға алатындарын жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыҚарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz