Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында жаңа №83 автобус бағыты ашылды

Алматы облысының Қарасай ауданында тұрғындардың қалаға қатынауын жеңілдету мақсатында жаңа №83 бағыттағы автобус маршруты іске қосылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Енді Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылының тұрғындары Алматы қаласындағы «Қалқаман» шағынауданына небәрі 10–15 минутта жете алады. Жоба аудан әкімі Жасұлан Естеновтің қолдауымен жүзеге асқан.

Жақында жолға шыққан заманауи әрі жайлы автобустар бейнебақылау камераларымен және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы орындармен жабдықталған. Бағыттың алғашқы күнінде көксайлықтар жаңа автобустың ішінде дәстүрлі «шашу» рәсімін жасап, домбырамен ән айтып, қуаныштарын бөлісті.

Маршрут бағыты мен жұмыс уақыты

Жаңа бағыттың қозғалысы «Үлгілі» шағынауданынан басталып, Ақсай, Арай және Жаңа ғасыр көшелері арқылы «Қалқаман» шағынауданына дейін жалғасады.

Автобустар күн сайын 06:30–22:30 аралығында қатынайды.

Жолақы «Оңай» төлем жүйесі арқылы төленеді, құны — 120 теңге. Белгілі санаттағы жолаушылар үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Қазіргі уақытта бағытқа төрт автобус қызмет көрсетеді. Жолаушылар саны артқан жағдайда бұл көрсеткішті 11 автобусқа дейін көбейту жоспарланып отыр.

Тұрғындар қуанышты

Көксай ауылының тұрғыны Райса Мутанқызы жаңа бағыттың өзектілігін атап өтті:

«Бұл бағыт бізге өте қажет еді. Күн сайын Алматыға оқушылар мен студенттер қатынайды, басқа тұрғындардың да түрлі шаруасы болады. Бұған дейін жол қиындығын көп көрдік. Енді бұл мәселе шешілді. Аудан және ауыл басшылығына уәделерін орындағандары үшін алғыс айтамыз», — деді ол.

Бастама тұрғындар өтінішінен туған

Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары Аркен Кенжебай №83 бағыттың іске қосылуы көктемде аудан әкімі тұрғындармен кездескен кезде көтерілген мәселе екенін айтты.

«Сол кезде округ әкімдігіне нақты тапсырма берілді. Біз оны қысқа мерзім ішінде орындадық», — деді ол.

Жаңа бағыттың ашылуы Көксай тұрғындарының қалаға қатынау мүмкіндігін айтарлықтай жақсартып, күнделікті жол жүру уақытын қысқартты.

Тегтер: Алматы облысыҚарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz