Тексеру Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған. Нәтижесінде мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған кемшіліктерді жою міндеттелді.
Қайта жүргізілген бақылау барысында міндеттемелердің орындалмағаны белгілі болып, осыған байланысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Ведомство мәліметінше, өңірдегі құрылыс сапасы заң талаптарына сәйкес тұрақты бақылауда болады және бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.





