Оқиға туралы хабар түскен бойда Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) және Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің мамандары дереу жолға шыққан. Құтқарушылар зардап шеккен азаматпен байланыс орнатып, оның нақты орналасқан жерін анықтаған. Сонымен қатар, оқиға орнына ТЖМ Медициналық апаттар орталығының дәрігерлері жіберілді.
Құтқарушылар тауға көтеріліп, туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз аймаққа түсірді.
«Турист, 1992 жылы туған ер адам, «Эдельвейс» қонақүйіне дейін аман-есен жеткізілді. Қазіргі жағдайы тұрақты», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, операция құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы мен жедел әрекетінің арқасында сәтті аяқталған.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тауға шығу алдында міндетті түрде өз денсаулығын тексеріп, қажетті дәрі-дәрмектер мен алғашқы көмек құралдарын алу қажеттігін ескертеді.
«Таулы аймақтарда ауа райы күрт өзгеруі және дене жүктемесінің жоғары болуы денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан дайындықсыз шығу қауіпті», – делінген министрлік хабарламасында.





