Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Қарасай ауданында бүгінде 80 мектеп жұмыс істейді. Оның 63-і — мемлекеттік, оның ішінде Әл-Фараби атындағы облыстық лицей бар. Қалған 17-сі — жеке меншік білім беру ұйымдары, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

2024 жылы «Келешек мектептер» ұлттық жобасы аясында Қаскелең қаласында, Қошмамбет, Елтай, Долан, Көкөзек және Кемертоған ауылдарында жалпы 8100 орынға арналған жаңа форматтағы 6 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 900 орындық мектептің құрылысы аяқталып, оқу процесі басталды.

2025 жылы Алмалыбақ ауылында 1500 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып, Білім күніне орай қолданысқа берілді. Бұған қоса, «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңынан 2000 орындық Nomad International School іске қосылып, ұзақ жылдар бойы қордаланған үш ауысым мәселесін шешуге айтарлықтай үлес қосты.

Соңғы үш жылда ауданда барлығы 12 жаңа мектеп салынды. Нәтижесінде үш ауысымда білім беретін мектептер саны 12-ден 1-ге дейін қысқарды. Қазіргі таңда үш ауысым тек Бұлақты ауылындағы мектепте сақталған. Жыл соңына дейін бұл елді мекенде 900 орындық «Келешек мектептің» құрылысы аяқталып, осымен ауданда үш ауысымды оқыту толық жойылады.

Ауданда білім нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары да жүргізілуде. Абай ауылындағы М.Ғабдуллин орта мектебінің күрделі жөндеуі аяқталды. Шамалған ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жөндеу жұмыстары қыркүйек айынан басталды. Ал Қаскелең қаласындағы А.Пушкин атындағы мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Алмалыбақ ауылында жаңадан ашылған мектеп тек қазақ тілінде білім береді. 1500 орынға есептелген нысанның алғашқы оқу жылында шамамен 1800 оқушы қабылданды. Мектепте 96 педагог еңбек етеді. Ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен және отандық жиһаздармен толық қамтылған.

Мектеп 10 блоктан тұрады: үлкен және кіші спортзалдар, жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген асханалар, кең акт залы, заманауи пән кабинеттері, химия және физика зертханалары, STEM кабинеті, робототехника құралдары, VR технологиялары қарастырылған. Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында Face ID жүйесі орнатылған.

Nomad International School жеке инвестиция есебінен салынғанымен, шамамен 2000 бала мемлекеттік жан басына қаржыландыру аясында тегін оқиды. Жалпы қабылданған оқушы саны — 2500, олардың 400-ге жуығы ақылы негізде білім алады. Оқу ақысы — 50 мың теңге.

Мектептің басты артықшылықтары:

  • білім беру төрт тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын, қытай;

  • жаратылыстану-математикалық пәндер тереңдетіліп оқытылады;

  • кең спорт инфрақұрылымы қарастырылған;

  • жоғары оқу орындарының тәжірибелі мамандары қатысуымен кәсіби бағдар беру бағдарламалары іске асырылады.

Жаңадан ашылған мектептер Қарасай ауданындағы демографиялық өсімді ескеріп, мектеп жүктемесін айтарлықтай азайтты. Мысалы, Алмалыбақ ауылында бұрын тек Әл-Фараби атындағы лицей мен мектеп-гимназия жұмыс істеген болса, қазір оқушылардың басым бөлігі жаңа мектепке бөлінді. Дәл осындай оң өзгерістер Кемертоған ауылында да байқалады — Л.Толстой атындағы мектептің жүктемесі Nomad International School есебінен төмендеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz