Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамуда

Агроөнеркәсіп кешені – Алматы облысы экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Өңір соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша республикада төртінші орынға шығып, өз әлеуетін айқын көрсетті. Әсіресе ет, алма, өрік, көкөніс және соя өндірісінде облыс жетекші орындарда тұр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қарасай ауданында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, өнімділікті арттыру және техника паркін жаңарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл аудан шаруаларына 427 миллион теңге қаржыға 40 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Бұл қадам жергілікті шаруалардың еңбек өнімділігін арттырып, заманауи технологияларды ауыл шаруашылығына кеңінен енгізуге мүмкіндік бермек.

«Кеңдала» бағдарламасы аясында облыс фермерлеріне 15,7 миллиард теңге несие беріліп, оның ішінде Қарасай ауданында 1,1 миллиард теңге игерілді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы аудан тұрғындарына 327,9 миллион теңгеге жеңілдетілген несиелер бөлінді. Бұл – ауыл кәсіпкерлерін қолдауға, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған нақты мемлекеттік қолдау шараларының бірі.

Суармалы егіс алқаптарын кеңейту мен су үнемдеу технологияларын енгізу де ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың маңызды тетігі болып отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша су үнемдеу технологиялары 28 пайызға, ал Қарасай ауданында 52 пайызға енгізілген. Бұл — табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған озық тәжірибе.

Жалпы, Қарасай ауданында агроөнеркәсіп саласы инновациялық тәсілдермен дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы шаруаларға қолдау көрсету, инфрақұрылымды жаңарту және агротехнологияларды кеңінен қолдану — ауыл экономикасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашты.

Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Қарасай ауданы ауыл шаруашылығында тұрақты даму үрдісін қалыптастырып, облыстың экономикалық өсіміне айтарлықтай үлес қосуда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz