Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында 12 мектеп үш ауысыммен оқуға мәжбүр

Алматы облысының Қарасай ауданындағы 12 мектептің оқушылары үш ауысыммен оқуға мәжбүр болып отыр.

05.10.2022
Аймақ

Көкөзек ауылындағы орта мектеп 500 балаға шақталған. Бірақ мұнда елдімекен мен саяжайда тұратын 2 мыңнан астам бала оқып жатыр.

Ата-аналар білім сапасы ғана емес, балаларының қауіпсіздігіне де алаңдап отыр деп жазды Алматы телеарнасы.

Көкөзектегі мектепке жету үшін Көктоған ауылының балалары бірнеше шақырым жолсыз жермен жүреді. Сосын бірнеше сағат автобус күтеді. 50-ге жуық оқушы мектепке осылайша бір автобусқа әзер сиып, жететін көрінеді.

«Автобус кішкентай болғандықтан, балалар сыймайды. Олар кейде бір-бірімен төбелесіп қалады. Соңғы рет немеремді ұрып жіберген. Үлгеру үшін бәрі жанталасады», — деді Көктоған ауылының тұрғыны Валентина Мартианова.

Саяжайлар мен жаңа тұрғын үйлерде тұратын мектеп оқушыларына өте қиын.
Ол жаққа автобус қатынамайды. Жаяулатып екі шақырымға жуық шаңды жолмен келеді. Жаңбыр жауған кезде резеңке етікпен жүреді.

Қаңғыбас иттерде ауыл тұрғындарының бас ауруына айналды. Олар балаларды жиі қабатын көрінеді.

Мектеп директоры оқушылардың көптігі білім сапасына әсер етпейді дейді.

«Демографиялық өсімге байланысты біздің мектепте орын жетіспейді. 13 бірінші сынып оқушылары бар, 11-і қазақ тілінде, 2-і орыс тілінде оқиды. Бірақ біздің мұғалімдеріміз кәсіби мамандар. Тіпті оқушылар сапалы білім алу үшін алты күндікке ауыстық. Бізде олимпиадалар мен түрлі конкурстардың жеңімпаздары көп», — деді Көкөзек ауылы орта мектебінің директоры Жәмила Манкеева.

Аудандық білім бөліміндегілер Көкөзек ауылында жақын арада 1200 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарланғанын жеткізді.

«3,6 гектар жер бөлінді. Қазір жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр», — деді білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсел Еркімбаева.

Қарасай ауданындағы мектептердің проблемасын шешу үшін қазір үш оқу орнының базасында қосымша ғимараттар салынып жатыр. Алты жаңа мектептің құрылысы да жоспарланған.

Тегтер: Қарасай

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz