Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағайда қырылған балық: су құрамынан қауіпті заттар табылмады

2022 жылғы 2-6 қараша аралығында Қапшағай көлі жағалауынан 17 923 кг қырылған балық шабақтары жиналды. Нәтижесінде мемлекетке 33 млн теңге шамасында шығын келді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір шабақтардың қырылу себебін анықтау процессі жүріп жатыр.

08.11.2022
Аймақ

Бұл туралы Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мәлім етті. Олардың айтуынша, шабақтардың қырылуының негізгі үш себебі бар:

  • табиғи фактор (оттегі жетіспеуі не түрлі аурулар);
  • көлдің аумағында орналасқан шаруашылықтардың суды ластауы;
  • моторлы қайық немесе кез келген басқа су көліктерінің механикалық әсері.

Қазіргі таңда Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының зертханасында су сынамаларына жүргізілген гидрохимиялық талдау нәтижесі белгілі болды. Анықталғанындай, көл суы тіршілік үшін қауіпті емес.

Ал «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының (РМК) 44 физико-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізген зерттеуі су құрамынан фосфор, фосфат және темірдің жоғары концентрациясын көрсетті. Алайда шамадан тыс қауіпті элементтер анықталмағандықтан, бұл факт шабақтардың өліміне себеп бола алмайды.

Сонымен қатар Төтенше жағдай департаментінің сүңгуірлері ластанудың бастапқы көзін табу үшін тексеру ұйымдастырды. Дегенмен ешқандай күдікті дерек тіркелмеді.

Талдаулар нәтижесі көрсеткендей, шабақтардың өлімі улы заттардың бөлінуіне байланысты емес. Себебі шабақтан басқа балық түріне еш зиян келмеген.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына қарағанда, 30 қазанға қараған түні сағат 5.50-ден 6.30-ға дейін 18-20 м/сек жылдамдықта боран соққан. Салдарынан толқын көтеріліп, шабақтардың тығыздығы артқан (қалыпты жағдайда 1 м кубқа 544 шабақ, бұл түні 1500-ға жеткен). Сәйкесінше оттегі жетіспеген шабақтар жел күшінен қорғана алмай, жағаға шыққан. Шабақтар – топтасып алып жағаға жақын тіршілік ететін балық түрі», — дейді инспекция мамандары.

Жоғарыда аталған барлық деректер қосымша лабораториялық зерттеу қорытындысы белгілі болғанда расталып, я теріске шығады. Бұл әзірше болжам ғана.

Бұған дейін мыңдаған өлі балықтардың су бетіне шыққанын, мемлекетке 750 мың тг шығын келгенін жазғанбыз.

Тегтер: Қапшағай

Соңғы жаңалықтар

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz