Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағай су қоймасы республикалық туристік нысанға айналады

Бұл туралы ҚР Спорт және мәдениет саласының вице-министрі Ержан Еркінбаевтың Алматы облысы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

30.06.2023
Аймақ

Кездесуде алдымен туристік саланың дамуы жайлы сөз етілді. Егер 2019 жылы елге келген туристер саны 6,7 млн болса, 2023 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 9 млн-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Аталған саланың дамуына Алматы облысының қосар үлесі мол. Оның әр аймағының бірегей туристік нысандары бар. Туристермен қатар тұрғындарға қызмет көрсетуші компаниялардың да саны артып келеді.

Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қапшағай су қоймасының статусын нақтылау жайлы айтып, бұл аумақтың республикалық туристік нысанға айналатынын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда Қапшағай Экология министрлігінің балансында. Жақын арада облыс иелігіне өтеді. Сонда көптеген мәселелер шешіледі. Көл республикалық туристік нысанға айналса, бюджеттен қосымша ақша бөлуге мүмкіндік ашылып, көрсетілетін қызмет сапасы артады», — деді вице-министр.

Саланың оң динамикасына қарамастан, әлі де бірқатар мәселелер бар. Мысалы, Қонаев қаласының жағажайында қызмет ететін кәсіпкер бизнес орындарын жалға алу уақыты ендігі жылға дейін созылып, я созылмайтыны жайлы сұрады. Кәсіпкерге жауап берген вице-министр мен қала басшылығының айтуынша, барлық сұрақтар заң аясында шешімін таппақ. Жиында тау туризмі үшін арнайы транспорттардың қажеттілігі, жаңа бағыттардың ашылуы, балық аулау туризмінің дамуы, субсидияны уақытында алу проблемалары да қаузалды.

Министрлік туризмді дамыту шаралары бойынша:

  • әр шетелдік турист үшін туроператорларды және балалардың Қазақстан ішінде ұшуын субсидиялау;
  • тау шаңғысы туризмі үшін алынған құрал-жабдықтарға, туристік нысандарды салу мен жаңартуға, туравтобустар сатып алуға кеткен шығындардың жартысын өтеу;
  • санитарлық-гигиеналық желілерді күтіп ұстау үшін субсидия бөлу бағытында қолдау көрсететін болады.
Тегтер: Алматы облысыҚапшағай су қоймасытуристік нысан

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz