Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында мемориалды ескерткіш ашылды

Бүгін Қапшағай ГЭС-нің бой көтеруіне ықпал еткен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына, Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына, Шапық Шөкиннің 110 жылдығына орай арнайы мемориалдық ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

22.10.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Шараға Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев, «АлЭС», «Самұрық-Энерго» компанияларының өкілдері, ардагер энергетиктер, Дінмұхамед Қонаевтың немересі Эльдар Қонаев қатысты.

Ескерткіштің қызыл лентасын өңір басшысы және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарма төрағасы Түтебаев Серік, ардагер энергетик Есберген Әбілтайұлы қиды.

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке

«Құрметті жерлестер, сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 2022 жыл Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығымен қатар Қапшағай су электр станциясының жобасының авторы, Қазақстанда энергетика ғылымының негізін қалаушы Шапық Шөкиннің 110 жылдығы және көрнекті мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығымен ерекшеленіп отыр. Өңіріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар азаматтардың еңбектеріне лайықты баға беріліп, мемориалды ескерткіш ашылды. Ата-бабамыз аңсаған егемендігіміз еңселі, болашағымыз баянды болсын!» — деді алғашқы сөзді алған Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Алматы облысының құрмет грамотасымен бірқатар мамандарды марапаттады:
1. «Алматы электр станциялары» (АлЭС) АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Қырқынбаев;
2. «АлЭС» АҚ-на қарасты Шапық Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС директоры Мұрат Кәрімов;
3. Қапшағай ГЭС-нің электромонтері Марат Қарашашов.

Сондай-ақ ол ардагер энергетиктерге арнайы сый-сияпат табыстады.

Мемлекет және қоғам қайраткері, Дінмұхамед Қонаевтың немересі Эльдар Қонаев болса Ерлан Қырқынбаевқа «Қонаевтың 110 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.

«Бұл жердің тарихы тереңде жатыр. Айта кетсек, Шапық Шөкин Іле арнасын бөгеп, ағысы қатты өзен бойында ГЭС салу керектігін айтып, үлкен жобаны қорғап шықты. Содан кейін бұл идея сол кездегі Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа ұнап, ГЭС құрылысы басталып кетті. Ал алғашқы тасы 1969 жылы қаланғаны – бәрімізге белгілі. Іле өзені бойында электро станция салынып қана қоймай, қазірде облыс орталығына айналған қала бой көтерді. Сол себепті де бүгін біз үшін бір емес бірнеше мерекенің басы осы жерде тоғысты десек болады»,- деді ардагер энергетик.

Ауқымды іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев болса «АлЭС» компаниясының жұмысымен танысты.

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz